Биыл жаңа оқу жылында 13 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы хабарлады.
1 қыркүйекте Астанада 83 мектеп бүлдіршіндерге есігін айқара ашпақ. Оның ішінде 71-і мемлекеттік болса, 12-і жеке меншік мектеп. Онда 94 712 оқушы білім алады.
Сонымен қатар, қаладағы жалпы білім беру мекемелерінде 6038 педагог қызмет етеді.