Электрондық денсаулық сақтау стандарты әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электрондық денсаулық сақтау стандарты әзірленді

05.08.2014
Электрондық денсаулық сақтау стандарты әзірленді

Денсаулық сақтау министрлігі электрондық денсаулық сақтаудың стандартын әзірледі. Тұжырымдамада электрондық денсаулық сақтауды стандарттаудағы 4 негізгі бағыты анықталды. Олар - медициналық жазба мен электрондық денсаулық сақтау паспортына, қазіргі денсаулық сақтау тараптарының сәйкестендірілуіне; электрондық бағыттарды жүзеге асыру мен реттеуге және дәрілік заттардың бірыңғай жіктеушілеріне, медициналық стандартты талаптар; е-денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелермен қарым-қатынасына техникалық талаптар; ақпараттық қауіпсіздік пен қызығушылығы бар жақтардың қарым-қатынасын қамтамасыз етудегі тәртіптер, сондай-ақ зертханалық зерттеулерді жеткізуші.  Бұл туралы strategy2050.kz хабарлайды.

Электрондық медициналық жазбаға стандартты талаптар стационарлар бөлімдері, емханалардың консультативті-диагностикалық бөлімдері, жедел жәрдем қызметі мен бөлімдері, қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарының деңгейлерінде қалыптасатын электрондық денсаулық сақтау паспортының ажыратылмайтын бөлігіне деген талаптарды реттейді.

Денсаулық сақтау саласының қолданыстағы жақтарын сәйкестендіруге қойылатын стандартты талаптар емделуші, медициналық ұйым қызметкерлерінің және денсаулық сақтау ұйымдарының  қарым-қатынасы үстінде  медициналық көмек көрсету барысында электрондық денсаулық сақтау кеңістігіндегі мағлұмат пен ақпараттардың тұтастығын қамтамасыз етеді.

Хабарламаларға жазылу