Жамбыл облысының 5 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды.
«Ежелгі Тараздың ескерткіштері» тарихи-мәдени мұражай қорығының директоры Тәкен Молдақыновтың айтуынша, Қазақстаның 33 тарихи ескерткіші «Жібек жолының ескерткіштері: Тянь-Шань дәлізі» аталымы бойынша бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылды.
«33 нысанның бесеуі Жамбыл облысында. Бұлар - Ақтөбе, Құлан, Өрнек, Қостөбе, сонымен бірге Ақыртас қалалары. Осы нысандарда археологиялық қазбалар кезінде ежелгі заманда сауда айналымының өркендегенін дәлелдейтін көптеген артефактілер табылды», - деді ол.
Оның айтуынша, ЮНЕСКО тізіміне барлығы екі қазақстандық тарихи ескерткіш - Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі мен «Тамғалы тас» шатқалы енген.