«Тальго» жүрдек пойыздары еліміз бойынша жеті бағытта жүреді. Жыл соңына дейін тағы да «Астана-Өскемен», «Астана-Қызылорда» және «Алматы-Өскемен» бағыттарында пойыздар қатынайтын болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жуырда «Алматы-Ақтөбе» бағытына 23 вагоннан тұратын жаңа жүрдек пойыз шықты. Пойызда екі «Бизнес», екі «Гранд», 14 «Турист», мейрамхана және кафетерий вагондары бар.
Жыл соңына дейін билет құнына жеңілдіктер сақталады. Люкске 25, купеге 15 пайызға баға арзандатылған. Алматыдан Ақтөбеге дейінгі жол - 30 сағат. Бұрынғы пойыздар бұл аралықты 42 сағатта жүріп өтетін. Бастысы, жолаушылар уақыт үнемдейді.