Германия құрамасының және италиялық «Лацио» клубының шабуылшысы Мирослав Клозе Ұлттық құрама сапындағы карьерасын айяқтайтынын мәлімдеді.
36 жастағы шабуылшы Бразилияда өткен Әлем чемпионатында Германия құрамасымен чемпион атанған. Сондай-ақ, Әлем чемпионатында 16 гол соғып, рекорд орнатқан болатын.
«Федерация басшылығына, барлық жанкүйерлерге және соңғы 13 жылда Ұлттық құрамаға бапкерлік еткен мамандарға алғысым шексіз. Сондай-ақ, қазіргі Ұлттық құраманың бас бапкері Йоахим Левке ерекше алғыс айтамын, дейді шабуылшы.
Клозе Германия Ұлттық құрамасының сапында 137 ойын өткізіп, 71 гол соққан.