«...60 жыл Алматыда тұрсам да, туған жерді сағынамын» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«...60 жыл Алматыда тұрсам да, туған жерді сағынамын» (ВИДЕО)

12.08.2014
«...60 жыл Алматыда тұрсам да, туған жерді сағынамын» (ВИДЕО)

Ол көркемсөз өнерінің қайталанбас суреткері еді. Жазушы Қалихан Ысқақтың қаламынан туған әрбір кейіпкер, әр сөз – әдебиеттің алтын қазынасы.

Қарымды қаламгер XX ғасырдың орта шенінен басталған  қазақ әдебиетінің алтын дәуірін қалыптастыруға сүбелі үлес қосты.

Жазушы шығармаларындағы  құнарлы тіл, қуатты ой, замана бейнесі мың сан оқырманның  жан-дүниесінде төңкеріс жасап, қаншама буын ұрпақты тәрбиеледі.

Сұңғыла суреткердің қарым-қабілетін айрықша көрсеткен «Тұңғиық», «Қара орман», «Ақсу – жер жаннаты» романдары  қазақ әдебиетінің толымды жетістігі санатында.

Оның 20-ға жуық пьесасы республикалық, облыстық театрлардың репертуарына енді. Ол аударма саласында да жемісті еңбек етті.

Сөз зергерінің  ізін басып, әдебиетке келген жазушылар Қалихан Ысқақтың прозасын  бағдар етті. Осылайша,  қазақ прозасындағы Қалихан мектебі қалыптасты.

Жазушының көзі тірісінде Ұлттық арнаға берген сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу