Жапония әлемде бірінші болып 2020 жылға дейін 5G байланысын пайдалануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония әлемде бірінші болып 2020 жылға дейін 5G байланысын пайдалануы мүмкін

16.08.2014
Жапония әлемде бірінші болып 2020 жылға дейін 5G байланысын пайдалануы мүмкін

Жапония 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға дейін 5G телекоммунициялық байланыс стандартын ойлап тауып, оны пайдалануға тырысады, деп хабарлайды «The Yomiuri Shimbun».

Осы ғылыми жұмысқа кететін барлық қаражат Жапонияның 2015 жылғы қаржылық бюджетінен алынады.

Осы жылдың соңына дейін Жапонияның әкімшілік істер және коммуникация министрлігі арнайы кеңес құруды жоспарлауда. Оның құрамына Жапонияның жетекші телекоммуникациялық компанияларының, байланыс операторлары мен электроника өндірушілерінің өкілдері кіреді.

Хабарламаларға жазылу