74 жастағы адвокат Аурелио Хименес Бразилия мен Колумбия құрамаларының арасындағы ширек финалдық кездесуіндегі бас төреші Карлос Веласко Карбальоның қате шешімінен кейін ауруханаға түсіп қалған.
«Мен өзімді өте нашар сезінудемін. Жүрегімнің соғуы баяулаған. Туыстарым мені аурухананың жедел жәрдем бөліміне алып келген. Немерелерім мені қоршап алған. Содан кейін ФИФА-ны сотқа беруге шешім қабылдадым.
Себебі, біріншілікте көптеген құрама төрешілердің құрбанына айналды. Олардың бірі – Колумбия құрамасы. Менде бұған дәлел бар», -дейді адвокат Аурелио Хименес.