Жамбыл облысында 145 сүт дайындайтын бекет ашу көзделуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 145 сүт дайындайтын бекет ашу көзделуде

18.08.2014
Жамбыл облысында 145 сүт дайындайтын бекет ашу көзделуде

Жамбыл облысында 145 сүт дайындайтын бекет ашу көзделуде. Бұл мақсатқа 1,6 миллиард теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап strategy2050.kz

Жалпы, аймақта «Агробизнес-2020»,  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары бойынша отбасылық типтегі  83 шағын сүт-тауар фермасын ашу жоспарланған.

«Соңғы үш жылда облысқа 1259 бас шетелдік асыл тұқымды мал сатып әкелінді. Мал басы  6 400 басқа дейін ұлғайтылады.  4,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, 370 жұмыс орны ашылады», делінген хабарламада.

 

Хабарламаларға жазылу