Қазақстандық теннисші Зарина Диас өзінің карьерасында тұңғыш рет әйелдер арасында әлемнің ең үздік 50 теннисшісінің қатарына енді. Бүгінгі жаңарған рейтинг бойынша Зарина Диас 6 саты жоғарылап, 46-шы орынға тұрақтады.
Ал, Ярослава Шведова 50-ші орынға жайғасқан болса, Галина Воскобоева екі орын жоғарылап 118-ші орыннан көрінді. Юлия Путинцева үш саты төмендеп, 132-ші орынға түсіп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Зарина Диас Қазақстанда туып, әлемнің үздік 50 теннисшісінің қатарына енген алғашқы қазақ қызы. Сондай-ақ, бұрынырақта ТОП-50 қатарына Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Ксения Первак секілді теннисшілер енген болатын. Қазіргі таңда Ксения Первак Ресейдің атынан өнер көрсетіп жүр.