Ұлттық арнаның тапсырысы бойынша қолға алынған «Сырғалым» туындысының жалғасы көрерменге жол тартпақ. Алғашқы маусымда телехикаяның 48 бөлімі көрсетілген. Екінші маусым 32 бөлімнен тұрады.
«Сырғалымда» басты рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Махан: «Екінші маусымда бұрынғыдан да жақсы ойнауға тырыстық. Бір айта кетерлігі, телехикаяға жаңа кейіпкерлер қосылып жатыр. Жалпы, біз бұл жерде кәсіби актерлермен бірге актерлық шеберлігімізді шыңдадық деп толық айта аламын»,-дейді.
Отандық туындының ұлттық бояуын жоғалтпай, көрерменге жетуі – ең алдымен сценарий авторларына жүктеледі. Мақсат – тіл тазалығын сақтау, анық сөйлеу. Телеарна басшылығының жоба авторларына қойған негізгі талабы да осы.
«Сырғалым» телехикаясының редакторы Айдос Жұқанұлы: «Біздегі мақсат – телеарна арқылы жастарды тәрбиелеу. Себебі, бүгінгі жас кітап оқымайды. Тіл шұбарланып барады»,-дейді.
Телехикая кейіпкерлері туралы қызықты ақпаратты «Таңшолпаннан» көріңіз.