Тамыз айында елімізде 300 мыңнан аса кәсіпкер тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамыз айында елімізде 300 мыңнан аса кәсіпкер тіркелген

19.08.2014
Тамыз айында елімізде 300 мыңнан аса кәсіпкер тіркелген

Тамыз айының басында елордалық кәсіпорындар саны 626-ға артты. Бұл ретте тіркелген субъектілердің 51 пайыздан  астамы Алматы ауданында, 28,1 пайызы Сарыарқа және 20,5 пайызы Есіл ауданында шоғырланған.

Бұл туралы Статистика департаментіне сілтеме жасап, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, ЖШС иесі ретінде 609 заңды тұлға тіркелген.  Соның ішінде бесеуі -  қоғамдық бірлестік пен қор, бесеуі - әртүрлі мекеме, төртеуі -  тұтынушылық кооператив, екеуі - акционерлік қоғам, біреуі -  заңды тұлғалар бірлестігі. 

Сонымен қатар, елордада қызмет ететін шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артып келеді. Үстіміздегі жылдың тамыз айының басында аталған субъектілер саны 51128 құрады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайыловтың ұсынған мәліметтеріне сәйкес, тамыз айында елімізде тіркелген заңды тұлғалардың саны 348 716 бірлікті құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,5 пайызға артық. 

 

Хабарламаларға жазылу