Windows 9 нұсқасына бір айдан кейін көшуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Windows 9 нұсқасына бір айдан кейін көшуге болады

19.08.2014
Windows 9 нұсқасына бір айдан кейін көшуге болады

Windows-тың Windows 9 деп аталатын  жаңа нұсқасын компьютерлерге бір айдан кейін орнатуға болады.  Бұл нұсқаны кез келген адам пайданалана алады.

ZDNet сайтының журналисі Мэри Джо Фолидің айтуынша,  Windows 9 нұсқасын тегін көшіріп алу қыркүйек айының соңында мүмкін болады. Ал жүйенің соңғы нүктесі 2015 жылдың көктемінде қойылмақ.

Жаңа жүйенің ерекшеліктері – алдымен, «Іске қосу» мәзірінің десктопты интерфейске қайтып келуі. Алайда, ол Windows 7, Windows 8 нұсқаларына қарағанды гибридті келеді.

Сондай-ақ, Modern UI сенсорлы интерфейске арналған қосымшаны Windows 9-ға қалыпты түрде қосуға болады.

Windows 9  «OS X»  немесе «Linux»-тің көптеген нұсқасында кездесетін  виртуалды жұмыс үстелін қосуы мүмкін. Бұл функция қолданушыларға бірнеше виртуалды «десктоптарды» орналастыру арқылы терезелерді тиімді пайдалануға  мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу