Астанада заңдастыруды өткізу қағидаттары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада заңдастыруды өткізу қағидаттары

19.08.2014
Астанада заңдастыруды өткізу қағидаттары

ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын мақұлдады.

Азаматтар адамгершілікке және халықтың денсаулығына, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке, жеке мүлікке, мемлекеттің қауіпсіздігі мен конституциялық құрылым негіздеріне, бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне, отбасы және жасөспірімдерге, жеке тұлғаларға қарсы жасалған қылмыстардан басқа жағдайда мүлкін заңдастыру кезінде қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. 

 Жария ету объектілері: 

1) ақша;

2) бағалы қағаздар;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі - қатысу үлесі);

4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);

5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);

6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік.

Заңдастыруға жатпайтын объектілер

Құрылыс нысандары және құрылымдары жоқ өз бетімен басып алынған жерлер және жер телімдері (бос жер телімдері); елді мекендердің маңайындағы «қызыл» сызық аумағындағы су нысандары және қорғалатын су көздері маңайында, санитарлық қорғау аймақтарында; қорғаныс өнеркәсібіне, мемлекеттік қауіпсіздік және қорғанысқа қажетті жерлерде; айрықша қорғалатын табиғат аумақтарында жалпы қолданыстағы магистральдық автомобиль және теміржолдарға қарасты жерлерде орналасқан жер телімдері және сол жер телімдерінде салынған ғимараттар мен қондырғылар.

Сонымен қатар, жалпы қолданыстағы жерлерде; EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында орналасқан жер телімдері және сол жер телімдерінде салынған ғимараттар мен қондырғылар. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы №1039 Қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы дағдарысқа қарсы шараларды іс жүзіне асыру шеңберінде бөлінген мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынған құрылыстардағы, жылжымайтын мүліктердегі тұрғын үйлер және тұрғын үй емес бөлмелер, сонымен бірге мемлекет пайдасына берілуге тиіс мүліктер.

Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік, оның ішінде автокөлік құралдары, ауылшаруашылық техникасы, теміржол көлігі (тиісті емес тұлғаларға тіркелгендерінен басқа).

Азаматтық Кодекске сәйкес жылжымайтын мүлікке теңестірілген және мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері ішкі су көздерінде жүзетін кемелер, «өзен-теңізде» жүзетін кемелер, ғарыш нысандары, магистральдық құбыр желілерінің ішкі бөлігі (тиісті емес тұлғаларға тіркелгендерден басқа).

 Ақшаны заңдастыру

Ақшаны заңдастырудың тетіктері және құралдары мынадай: Екінші деңгейлі банктердің арнайы депозиттік шотына ақша аудару. Заңдастырылатын ақша арнайы депозиттік шотта бірнеше жыл бойы тұруға тиіс. Бұл ретте нарықтық мөлшерлемелер бойынша сыйақылар төленеді.

Екінші деңгейлі банктердің арнайы депозиттік шотындағы ақшаны мерзімінен бұрын алған жағдайда заңдастыру үшін 10 пайыз көлемінде төлем алынады.

Экономикаға мына жолдармен инвестиция салған жағдайда төлем алынбайды: мемлекеттік құнды қағаздарды; «Халықтық ІРО» шеңберінде акцияларды; Ұлттық компаниялардың, басқарушы холдингтердің, даму институттарының облигацияларын; екінші деңгейлі банктердің облигацияларын; қазақстандық қор биржасына салынған басқа да бағалы қағаздарды; жекешелендіру шеңберіндегі нысандарды; бұдан басқа, азаматтар заңдастырылған ақшаға жекешелендірудің екінші толқыны аясында нысандар сатып ала алады. 

Егер ақшаны заңдастыратын азамат жоғарыда аталған инвестициялық тетіктерді қолданғысы келмесе, ол жоғарыда айтылғандай, заңдастырылатын ақшаның  10 пайызы мөлшерінде алым төлеп, өз ақшасын өзі басқаруға құқылы. 

 Мүлікті заңдастыру

Мүлікті заңдастыру (ақшадан басқа) азаматтар жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) жанындағы комиссияларға арыз және тиісті құжаттарды берумен басталады. Мүлікті заңдастыру үшін (ақшадан басқа) төлем алынбайды.

Заңдастыруға жататын мүлік (ақшадан басқа) осы мүлік туралы комиссияның заңдастыру туралы шешімі шыққан күннен бастап заңдастырылған мүлік деп танылады. Мемлекеттік тіркеуге жататын заңдастырылған мүлік заңдастырушы азаматтардың жеке өтініші бойынша тіркеледі.

Мүлікті заңдастырушы азамат заңдастырылған мүлікті тіркеу жөніндегі шығындарды жеке өзі көтереді, соның ішінде құжаттарды дайындау және жасау шығындарын. 

Қазақстаннан тыс жерлердегі мүлікті заңдастыру үшін 10 пайыз алым алынады. 

Өтінішті комиссия, салық органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

Жария ету жөніндегі комиссия Астана қаласының әр аудандық әкімдігінің жанында құрылған.

Хабарламаларға жазылу