Алматы әкімі мұғалімдерді қаржылай ынталандыру жүйесін дамытуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі мұғалімдерді қаржылай ынталандыру жүйесін дамытуды ұсынды

20.08.2014
Алматы әкімі мұғалімдерді қаржылай ынталандыру жүйесін дамытуды ұсынды

Бүгін Алматы қаласында «Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі» атты тамыз жиналысы өтті. Бұл жиынға ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты, деп хабарлайды Алматы қаласының баспасөз қызметі.

«Алматыда білім берудің инновациялық даму стратегиясы анықталып, сәтті жүзеге асырылуда. Соңғы 5 жылда қалалық бюджеттен білім саласына екі есе көп қаражат жұмсалды, яғни 25 миллиард теңгеден 47 миллиард теңгеге көбейген. Бұл әлеуметтік салаға жұмсалған ақшаның 1/3 бөлігі», - деді Ахметжан Есімов.

Осының барлығы өз нәтижесін беруде. Осылайша, Алматы қаласының командасы республикалық олимпиадаларда 9 жыл қатарынан жеңіске жетсе, оқушылардың республикалық ғылыми жұмыстар сайысында 12 рет бірінші орынды иеленген.

Осы жылы Алматы қаласы Ұлттық Бірыңғай тест нәтижесі бойынша тағы да бірінші орын алды. Қаланың орташа көрсеткіші – 93,41 балл. Бұл республика бойынша орташа нәтижеден 16,5 балға артық.

Алматы әкімі орта мектеп, колледж мұғалімдері және балабақша тәрбиешілерінің материалдық ынталдандыру жүйесін дамытуды ұсынды.    

Жиын соңында 1000 мұғалім ақшалай сыйақы алды.

Хабарламаларға жазылу