«КешYOU» тобы – «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«КешYOU» тобы – «Таңшолпанда» қонақта

21.08.2014
«КешYOU» тобы – «Таңшолпанда» қонақта

Әнші қыздар «Таңшолпан» көрермендеріне бос уақытты қалай өткізетіндерін, шығармашылығы және сымбатты болудың сырларымен бөлісті.

Топ мүшесі Айдана Меденованың негізгі мамандығы – дизайнер.  «Сүйікті ісіммен шабыт келген кезде  уақытқа қарамай, айналыса беремін. Үйде де, түзде де, тіпті ұшақта болсын қағаз-қаламым жанымда»,-дейді ол.

Ал, Мөлдір Әуелбекова: «Алматы тауларына серуенге шығып кетемін. Бұл күнделікті тірлік. Өйткені, бір сағат болсын, кептелісте тұрғаннан гөрі, таудағы таза ауамен демалып қайтқан маңыздырақ»,-дейді.

«Елдің көз алдында жүргендіктен айтылар сын да, пікір де көп. Бірақ, жағымсыз пікірлер әрине, жағымсыз әсер береді. Оны қабылдау, қабылдамау өз еркіңде.  Алайда, дұрыс сынды дұрыс қабылдауға тырысамыз. Одан қорытынды шығаруға ұмтыламыз»,-дейді топ мүшелері.

«Өкшені басып келе жатқан ұрпақ бізге еліктейді. Бұл – мақтан емес, шындық осы. Сол себепті, біз жүріс-тұрысымыздан бөлек, киім киісімізді де түзеп жүреміз. Бұл – үлкен жауапкершілік. Өйткені, келер ұрпақ біздің өзімізге де байланысты».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу