23 тамыз күні дәстүрлі «Rixos Borovoe» қайырымдылық веложарысы өтпек. Шараға қазақстандық және шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері мен мемлекеттік мекемелердік басшылары, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысады. Веложарыстың басты қонақтары – «Тур де Франс-2014» жарысының жеңімпазы Винченцо Нибали және Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров.
Қайырымдылық веложарысты «Rixos Borovoe» қонақүйі мен Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қоры Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Шараның мақсаты – Көкшетау қаласындағы облыстың перинаталдық орталығына қолдау көрсету. Акция сонымен қатар, Щучье-Бурабай курортты аймағының туризмін насихаттауға бағытталған.
Шараға 200-дей адам қатысады, деп күтілуде.