Атырауда 28 комммуналдық меншік нысаны жекешелендіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 28 комммуналдық меншік нысаны жекешелендіріледі

24.08.2014
Атырауда 28 комммуналдық меншік нысаны жекешелендіріледі

Атырауда екі жылдың ішінде 28 коммуналдық меншік нысаны жекешелендіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда жекешелендірілетін нысандардың алғашқыларының қатарында облыс әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау, білімін көтеру және тілдерге оқыту өңірлік орталығы», «Білімдегі жаңа технологиялар орталығы», қалалық дене шынықтыру және спорт  бөлімі  жанындағы «Мұнайшы» спорт кешені және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар бар.

«Нысандарды жекешелендіру бюджетті толықтыруға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, жаңа меншік иелері тың идеяларымен келеді, өздерінің жұмысын жетілдіріп, қызмет аясын кеңейте отырып, кәсіпорындардың дамуына көмектеседі. Оның үстіне жеке бизнеске мемлекеттің араласуы шектеледі», - деді облыстық Қаржы басқармасының бастығы Серік Демегенов.

Хабарламаларға жазылу