Еліміздегі банктер активтері өсе бастады. Бұл - қаржы ұйымдарының рейтингі жақсарады деген сөз, яғни, банктер сырттан инвестицияны оңай алып, халыққа несиелендіруде қиналып қалмайды. «ЦентрКредит Банкінің» айлық табысы 55,2 миллиард теңгеге өсіп, бірінші орынға тұрақтады. Келесі 43 миллиард түсіммен келе жатқан «РБК Банкі».
«Qazaq bankiнің» активтері 26,8 миллиард теңгеге жуықтады. Қалған банктердің әрқайсысында 10 миллиард теңгеге өсу байқалады.