Алматыда кеше екі рет жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кеше екі рет жер сілкінді

25.08.2014
Алматыда кеше екі рет жер сілкінді

24 тамыз күні түнде Алматыға жақын аумақта екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі тіркеген.

Алғашқысы Алматы уақыты бойынша 24 тамыз түнгі сағат 23:15-те Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде Қазақстан аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5 болса, магнитудасы MPV 4.3, ал тереңдігі 25 шақырымды құраған.

Екінші жер сілкінісі 24 тамыз күні түнгі сағат 23.44-те Алматы қаласынан 276 шақырым жерде Қазақстан аумағында тіркелді.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.3 болса, магнитудасы MPV 4.1, ал тереңдігі 25 шақырымды құраған. Жер дүмпуінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.

Хабарламаларға жазылу