10 қыркүйекте қазақстандық боксшы - жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы - Жанат Жақиянов Минскіде грузин Гага Едишерашвилимен кездеседі, деп хабарлайды Еуразиялық-Тынық мұхиттық бокс кеңесінің (EPBC) ресми сайты.
Жекпе-жекте WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы EPBC чемпионы титулы сарапқа салынады. Бірақ, Жақияновтың Еуропа чемпионы белдігі ойнатылмайды.
Айта кетейік, Грузия спортшысы кәсіби шаршы алаңда жеңіліп көрмеген. Едишерашвили осыған дейін қарсыласын 7 рет ұтып, оның 6-ын уақытынан бұрын аяқтаған. Жанат Жақиянов болса 22 мәрте жеңімпаз атанған. Ол 15 жекпе-жекті нокаутпен аяқтап, бір рет ұтылған.
Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Жанат француз боксшысы Гуғрфиді 5-ші раундта нокаутқа жіберіп, Еуропа чемпионы атанған болатын.