Балалардың «Жаңа толқын-2014» байқауының 3-орын иегері Мұхаммедәли Жүгінісов «Таңшолпанда» қонақта болды.
«Байқауға келген өзім қатарлы балалардың барлығы талантты. Маған анам: «Мұхаммедәли, сен үш орынның біреуін алуың керексің», деді. Сосын мен басқа балалардан қалыспай, үздіксіз дайындалдым. Сол дайындықтың нәтижесі – 3-орын»,- дейді жас әнші.
«Мен сахнада «Әлияны» орындаған кезде қазылар алқасының мүшесі Филипп Киркоров тіпті көзіне жас алды. Содан кейін маған қарап: «Мұхаммедәли, сен – жұлдызсың! Сен есейгенде өте жақсы әртіс боласың, тек алға ғана ұмтыл», деді».
Жас әншінің байқаудан алған әсерін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.