«Қара шаңырақ». Фильм туралы фильм - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қара шаңырақ». Фильм туралы фильм

25.08.2014
«Қара шаңырақ». Фильм туралы фильм

Бір шаңырақтағы үш бала. Әрқайсысының жеке көзқарасы, мақсаты бар. Бүгін Ұлттық арна эфирінен көрерменге жол тартатын «Қара шаңырақ» - үлкен шығармашылықтың топтың еңбегі.

Фильмдегі ағайындылардың әкесін сомдайтын актер Саят Мерекеұлы: «Бүгінгі күндегі өзіміздің тіліміздің, дініміздің, жөн-жосығымыздың, әдет-ғұрпымыздың, салт-дәстүріміздің барлығы, әкенің балаға, баланың әкеге деген, ананың балаға, ағаның ініге деген, інінің ағаға деген қарым-қатынастары – осы туындыда қамтылады»,- дейді.

Ал кейіпкерлердің анасының рөлінде ойнаған актриса Ғайникамал Байқошқарова: «Жалпы, актрисадан ана бейнесін сомдауды талап ету – үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Қазір өзімді кинода ғана емес, шынайы өмірде де осылардың анасы ретінде сезініп жүрмін»,- дейді.

Тұтас фильмді түсіруге атсалысқан ұжымның туынды турасындағы ойын, актерлердің өз кейіпкерлері  туралы сипаттамасын бүгін 17.00-де «Қара шаңырақ» фильмі туралы фильмнен тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу