«Айтысқа әдемі әзілді алып келген Ес-ағаң еді» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтысқа әдемі әзілді алып келген Ес-ағаң еді»

26.08.2014
«Айтысқа әдемі әзілді алып келген Ес-ағаң еді»

«Айналайын, ағайын,

Сендермен жерді бір басқан

Сүйгізген, сүйген, мұңдасқан

Өмірі – өлең, жыр-дастан,

Менде де арман жоқ шығар...»,- деп жырлаған Есенқұл Жақыпбектің де өмірден өткеніне жыл толды. «Азаматтық ұстанымын ақындық арқылы көрсете білген ол, шын мәнінде ұлтын сүйді»,- дейді жақындары.

«Біз бала кезімізден, өмірінің соңына дейін бірге болдық. Ол өзіміздің елдің өнерін, салт-дәстүрін көтеруге көп үлес қосты»,- дейді ақынның досы Кеңесқұл Нұрғисаұлы.

Ақынның туған жері Жамбыл ауданындағы Бірлік ауылында ас беріліп, еске алу шаралары өтті. Ақын мәңгілік мекен еткен орынға белгі тұрғызылыпты. Еліміздің әр түкпірінен жиналған ақындар айтыстың көрігін қыздырды.

«Бастау», «Ағымнан жарыламын», «Біз екеуміз», «Жеріңе табын», «Біздің елдің жігіттері», «Есіл дүние-ай», «Жанқисса», «Бұл жаз да өтер», «Тау басында кәрі қар» атты жинақтардың авторы Есенқұл Жақыпбек қазақтың жазба поэзиясында ғана емес, айтыс өнерінде де ерекше із қалдырды.

«Айтысқа әдемі әзілді алып келген Ес-ағаң еді»,- дейді әріптестері.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу