Қыз бала – қонақ. Әке-шешесінің шаңырағы — оған «қонақ үй». Қонағын Құдайындай сыйлаған қазақ сол себепті де оларды алақанында аялаған. Өрімділердің арқасында өріс кеңейеді деп білген.
Алайда, кейінгі қоғамдағы түйткілді мәселелердің бірі – «кәрі қыздар». Соңғы уақытта мамандар оң босағада отырып қалған қыздардың саны артуда, деп дабыл қағуда.
Қоғамды жайлаған бұл жағдайдың алдын алуға не кедергі? Бойжеткендердің тұрмыс құруға асықпауының сыры неде? Қыздар жігіттерді неге менсінбейді?
Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» осы мәселені талқыға салмақ.