20-22 тамызда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Қайрат Омаров конгресмен Билли Лонгтың шақыруымен Миссури штатына барды.
Сапар барысында қазақстандық дипломат атқарушы билік өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.
Қазақстан елшісі Спрингфилд қаласының сауда палатасында сөз сөйлеп, жергілікті кәсіпкерлерді Қазақстанның қолайлы инвестициялық ортасымен, шетел компанияларына арналған салықтық жеңілдіктерімен, экономиканың басымды даму бағыттарымен таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Шара Спрингфилд қаласының мэрі Боб Стефенсен мен штаттың заң шығарушы органыны өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қайрат Омаров Миссури мемлекеттік университетінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында елдің болашаққа деген жоспары жөнінде дәріс оқыды.
Конгрессмен Билли Лонг Миссури штатының Қазақстанның аймақтарымен жұмыс істеу мүмкіндігін жоғары бағалап, жуық арада елімізге келуге ниет білдірді.