Маңғыстау облысының тарихи ескерткіштері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысының тарихи ескерткіштері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін

27.08.2014
Маңғыстау облысының тарихи ескерткіштері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін

Маңғыстау облысының тарихи ескерткіштері ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін.

Бұл туралы Еуразиялық Дүниежүзілік мұралар қалаларының VII Халықаралық конференциясында айтылды.

24 тамыздан бері Ақтау қаласында өтіп жатқан халықаралық шарада 22 елдің өкілдері облыстың тарихи ескерткіштерін қорғау,  аймақ экотуризмін дамыту, инвестициялық жобалар бойынша мәселелерін қарастыруда.

Қазақстандағы тарихи ескерткіштердің 70 пайызы Маңғыстау облысында орналасқан.

«Бұл қаланың туристік әлеуетін арттырады. Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және қолдану бойынша еуразиялық кеңістікпен бірлескен шара жемісін береді деп сенеміз», деді шара барысында облыс басшысы Алик Айдарбаев.

Хабарламаларға жазылу