2015 жылы елордада Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы ғимаратының құрылысы басталады.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында, Дiн iстерi комитетiнiң төрағасы Ғалым Шойкин мәлiмдеді.
«Діни басқарманы Астанаға көшіру мәселесі шешілуі тиіс. Қазіргі уақытта қажетті құжаттар ресімделуде. Ал, келесі жылдың басынан ҚМДБ ғимаратының құрылысын бастау жоспарланған», - деді Ғ.Шойкин.