Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Абдулла Гүлмен кездесті.
Әңгіме барысында соңғы жылдардағы қазақ-түрік қарым-қатынастарының негізгі кезеңдері талқыланды.
Президенттер бұдан әрі даму үшін зор әлеуеттің бар екенін айта келіп, екіжақты ынтымақтастықтың артып келе жатқандығын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев Абдулла Гүлге Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған жемісті қызметі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.