17 жастағы қазақстандық волейболшы ресми түрде Қызыл Жарты Ай ұйымының еріктісі атанды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
«Ерікті болу – өз уақытыңның бір бөлігін әлеуметтік жобаларға арнау. Ол еш қайтарымсыз әрі тегін болуы керек. Бұл өркениетті адамның, әсіресе, жастардың өмір салты деп ойлаймын», - деді С. Алтынбекова.
Естеріңізге сала кетейік, Сәбина Алтынбекова волейболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия ойындарында танымал болып кетті.
Тайвань, Жапония мен басқа да Азия елдері Сәбина Алтынбековаға бірнеше репортаж арнаған. Ал, оның Instagram әлеуметтік желісіне 300 мың адам жазылған.