Оның өлеңдерінің өзіндік әуені бар. «Ең ғажабы, маған өлең келуден бұрын, оның әуені бірінші келеді»,-дейді өзі.
«Әлемдік деңгейге шығаратын өлеңдері бар. Ешкім жырламаған теңеулер бар оның өлеңдерінде».
Әріптесі ақын Ақберен Елгезек: «Мен Ерланды бір өлеңінен-ақ мойындағанмын...»,-дейді.
Табиғат ерекше талант сыйлаған Ерлан ақынның шығармашылығы мен өзге жұрт біле бермейтін қырларын бүгін 12.50-де «Поэзия әлемінен» көріңіз.
Біздің анықтама:
Ерлан Жүніс – 1984 жылдың 7 қарашасында Алматы облысы, Жамбыл ауданында өмірге келген.
М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетін тәмамдаған.
2001 жылы «Жыр-перзент» атты тұңғыш жыр-жинағы, 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы», 2013 жылы «Хауас» атты кітаптары жарық көрген.
2001 жылы «Абай оқуларында» бас жүлдені алған. 2006 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Әдебиет» аталымы бойынша Гран-при және Президент Кубогын иеленген.
2009 жылы Баянауыл тақырыбында жазған «Үздік журналист» Алтын белгісін алған.
Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Ар-Ай», Республикалық «Кентавр» әдеби апталығы, «Қазақ әдебиеті», «Айқын» газеттерінде қызмет еткен.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.