Оңтүстік Қазақстан облысында 21 мектеп ел игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында 21 мектеп ел игілігіне берілді

02.09.2014
Оңтүстік Қазақстан облысында  21 мектеп ел игілігіне берілді

1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында 21 мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы  облыс әкімдігінен хабарлады.

Жалпы, биыл облыстағы 1022 мектепте 576918 оқушы білім алады. Соның ішінде 66259 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.  

2014 жылы облыста 112 білім нысанының құрылысы қолға алынды. Оның ішінде өңірде ғимараты апатты деп танылған 48 мектептің 32-сінде құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Жыл соңына дейін 25 мектеп пен  10 балабақшаның, 7 өзге де білім беру ұйымдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Биыл өңірдегі 789 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті. 

Хабарламаларға жазылу