Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету депутаттардың айрықша міндеті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету депутаттардың айрықша міндеті

02.09.2014
Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету депутаттардың айрықша міндеті

«Қазақстан-2050» Стратегиясын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету депутаттардың айрықша міндеті. Бұл туралы бүгін 5-ші шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті депутаттар, баршаңызды жаңа парламенттік маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында жылдар бойы оңтайлы үдерістердің қалыптасуы Парламентіміздің жұмысымен тікелей байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Парламент алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай, халық өкілі ретінде өз міндетін абыроймен атқаратынына сенімдімін», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда еліміз дамудың ең шешуші сатысы - «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру екенін атап айтты.

«Бұл құжатты заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету сіздердің айрықша міндеттеріңіз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Хабарламаларға жазылу