«Электрондық үкімет» платформасының қызметін кеңейту қажет - Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Электрондық үкімет» платформасының қызметін кеңейту қажет - Мемлекет басшысы

02.09.2014
«Электрондық үкімет» платформасының қызметін кеңейту қажет -  Мемлекет басшысы

2017 жылға дейін Үкімет барлық мемлекеттік жүйе мен мәліметтер базасын «Электрондық үкімет» платформасына ықпалдастыру қажет.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында осындай тапсырма берді.

«Халық пен бизнеске мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету қажет. Үкіметке 2017 жылға дейін барлық мемлекеттік жүйе мен мәліметтер базасын «Электрондық үкімет» платформасына ықпалдастыруды тапсырамын», - деді Н.Назарбаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, заңды тұлғаларды тіркеуді жеңілдету бойынша жұмыстарды жалғастыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерін жою процедураларын жеңілдеткен жөн.  

Бұдан өзге, Елбасы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап инвесторларға арналған «Бір терезе» қағидатын кеңейту қажет екенін айтты. Әлеуетті келісімшарт бойынша келісім орнатқан инвесторлар үшін бұл қағидат 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекет етуі тиіс. 

 

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу