Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен ҚР-нің бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі;
Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі;
Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бекетжан Махатжанұлы Жұмаханов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халықтық-Демкократиялық Республикасындағы елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.