Алматыда Жапония мәдениетінің фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Жапония мәдениетінің фестивалі өтеді

04.09.2014
Алматыда Жапония мәдениетінің фестивалі өтеді

Алматыда 8-9 қыркүйек күндері Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында «Жапония күзі» фестивалі өтеді.

Бұл туралы филармонияның баспасөз қызметінен хабарлады. 

Фестиваль көрермендерді Жапонияның дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдениетімен таныстыруға, отандық өнер мектептерінің жетістіктерін көрсетуге, екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған. 

Шара аясында 8 қыркүйек күні атақты джазмен, белгілі пианист және композитор Киши Мицуаки өз тобымен өнер көрсетеді.

9 қыркүйекте қазақ балетінің жұлдызы Досжан Табылды, пианист Тимур Орманшиев, әнші  Роза Рымбаева және басқа да белгілі өнер жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Шараны ұйымдастырушы- «Дегдар» гуманитарлық қоры мен «JTI» компаниясы.

Басталуы: 18.30-да. Кіру тегін.

Хабарламаларға жазылу