Әлемде балаларға зорлық-зомбылық көрсету кеңінен таралуда – ЮНИСЕФ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде балаларға зорлық-зомбылық көрсету кеңінен таралуда – ЮНИСЕФ

04.09.2014
Әлемде балаларға зорлық-зомбылық көрсету кеңінен таралуда – ЮНИСЕФ

Әлемде балаларға зорлық-зомбылық көрсету кеңінен таралуда, деп хабарлайды БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ).

«Бұл -  ащы шындық. Мұны үкімет те, ата-аналар да мойындағысы келмейді. Бірақ, әр статистиканың артында сәбидің өмірі тұр. Егер бұл мәселені мойындамасақ, балаларға күш көрсету – қалыпты жағдай деген пікірді өзгерте алмаймыз», - дейді ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Энтони Лейк.

Осы мәселеге қатысты аталған ұйым 190 елдегі зорлық-зомбылық туралы  мәліметтер жинаған. Зерттеу жұмысы көрсеткендей, зорлық-зомбылық көрген балаларын жұмыссыз жүру, кедейлікте өмір сүру және айналасындағыларға күш көрсету мүмкіндігі жоғары.

ЮНИСЕФ балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылыққа жол бермеу және азайту мақсатында алты стратегия ұсынады. Олар ата-аналарға қолдау көрсету, балаларға қорқынышсыз өмір сүруге икемдеу, күш көрсетуге қатысты қоғамның пікірін өзгерту, сот ісін, қылмыстық-құқықтық және әлеуметтік жүйе мен қызметтерді күшейту және т.б мәселелерді қамтиды.

«Балаларға күш көрсету – күнде және барлық жерде жасалуда.  Мұндай әрекет қоғамның   құрылымын бұзуға әсерін тигізуде. Бірақ бұл жағдайдан шығатын жол жоқ емес. Зорлық-зомбылықты тоқтатуға болады», - дейді Энтони Лейк. 

Хабарламаларға жазылу