Астанада айтыскерлерді дайындайтын арнайы мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада айтыскерлерді дайындайтын арнайы мектеп ашылды

05.09.2014
Астанада айтыскерлерді дайындайтын арнайы мектеп ашылды

Айтыс өнері түркі тілдес халықтарда ертеден дамыған. Сол уақыттан бүгінге дейінгі бұл киелі өнерді сараптап, зерделеу қажет. Әрбір сөздің астарына үңіліп, сауатты, ұтымды сөздерді ғылыми тұрғыдан қарасақ, жинақтап, зерттеу – заман талабы.

«Бір айтыста отырған кезде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Айман Мұсақожаеваға: «Осы сіздерден неге осындай мектеп ашпасқа», деп ұсыныс білдірген еді. Ойлана келіп, халық әні кафедрасының ішінен мамандық ретінде ашып жатырмыз», дейді ҚР Халық әртісі Қайрат Байбосынов.

Айтыскерлердің алғашқы дәріскері, филология ғылымдарының кандидаты Шырынбек Қойлыбаев: «Біздің ең алдымен ден қойып отырғанымыз – білімділікпен қатар, сахна мәдениеті, сөз мәдениеті. Сондай-ақ, ақындар өзіндік мақаммен, бет-бейнесімен шықса дейміз. Келешекте осы бағытта жұмыс істейтін боламыз»,-дейді.

Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде дәл қазір 4 білім грантын жеңіп алған айтыскер студент оқиды. Олар өздерінің туа біткен дарынын дәлелдеп қана қоймай, бірнеше сатыдан тұратын шығармашылық емтихан тапсырады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу