Біздің еліміздің танымал мәдени орындардың біріне айналу мүмкіндігі зор. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Сенат депутаты Нұрлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.
Депутаттың айтуынша, бүгінгі таңда дүниежүзі бойынша туризм әр мемлекеттің басты атрибуттарының бірі саналады. «Бүгінде туризм табыс көзі болып отыр, сондықтан, біздің Қазақстанда да туризм дамытылса екен дейміз», - деді Н.Оразалин өз сөзінде.
Депутат тарихи мәдениет ескерткіштерінің арқасында Қазақстанның көп турист тарта алатынын айтады. Оның сөзінде Қазақстанда мүмкіндік мол, ел мәдени ескерткіштерге бай мүмкіндіктер де зор.
«Мәдениетті дамыта отырып, біздің тарихи ескерткіштерімізге туристердің ағылуына жағдай жасауымыз керек»,- дейді депутат.
Н.Оразалин сондай-ақ, сақ-скиф дәуіріне жататын тарихи ескерткіштердің өзі әлемдік мәдениеттің бөлшегі болатынын айтты.