Бүгінде қазақ зиялы қауымы мен билік, білім мен ғылым саласы өкілдерінің арасында академик Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдинді білмейтіндер кемде-кем.
Жастайынан білім алуға ерекше құлшыныс білдіріп, кейін ғылым соңына түседі. Кеңес заманының өзінде «ғылымдардың ғылымы» атанған философия ғылымының шыңына шығып, өзін сол кездегі Одақ көлеміне, қала берді, әлемге мойындатқан қазақ ұлдары көп емес. Жабайхан Әбділдин солардың бірі емес, бірегейі.
Жабайхан Мүбәрәкұлы әуел бастан-ақ философияның іргелі мәселелері – таным теориясын, диалектиканың әмбебап заңдылықтары мен категорияларын, оның ішкі логикалық байланыстары мен әдістемесін әлемдік философия тарихын, оның басты өкілдерінің көзқарастарын зерттеумен айналысты.
Ертең 08.30-да «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасында – ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Жабайхан Әбділдиннің отбасы.