Бүгін Қостанайда Денсаулық күні өтеді. Шара аясында «Жаяу жүргіншілер сағаты» акциясы, музыканың сүйемелдеуімен флеш-моб, сондай-ақ, спорт алаңдары да жұмыс істейтін болады.
Ал медицина мекемелерінің қызметкерлері кез келген адамға экспресс-сараптама, бойының ұзындығы, салмақ өлшемі, қан қысымы сынды қызметтерін ұсынады. Бастысы, «Олимпиада күні» атты облыстық жеңіл атлетикалық жүгіру шарасы өтеді.
Денсаулық күнін ұйымдастырушылар – Қостанай облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы.
Барлық шара облыстық әкімдіктің алдындағы алаңда өтеді. «Жаяу жүргіншілер сағаты» 09.00-де, «Олимпиада күні» атты облыстық жеңіл атлетикалық жүгіру шарасы – 10.45-те басталады.