Жамбыл облысындағы мектептердің 95 пайызы ғаламторға қосылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы мектептердің 95 пайызы ғаламторға қосылған

06.09.2014
Жамбыл облысындағы мектептердің 95 пайызы ғаламторға қосылған

Жамбыл облысындағы мектептердің компьютермен қамтылуы, орташа есеппен  алғанда 13 оқушыға бір компьютерден, ал ауылдық жерлерде 14 оқушыға бір компьютер келеді. Бұл туралы Жамбыл облыстық Білім беру басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мекеменің берген ақпаратынша, аймақтағы мектептердің барлығы ғаламторға қосылған. Ал кең жолақты ғаламторға 435 мектеп ие. Бұл – 95 пайызды  құрайды. Сонымен қатар, 138 мектепте 690 интерактивті тақта орнатылды, 73 мектепте электрондық білім беру жүйесі енгізілді.

Жалпы, 2014 жылы Жамбыл облысының білім беру жүйесіне 75,3 миллиард теңге қарастырылған. 37 білім беру мекемесін күрделі жөндеуден өткізу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінді.

Республикалық бюджеттен бөлінген 131,1 миллион теңге 32 химия кабинетін, жергілікті қазынадан бөлінген 685,2 миллион теңге 36 лингафон кабинетін, 41 физика кабинетін, 56 биология кабинетін және бір химия кабинетін жабдықтауға жұмсалды, деп хабарлады облыстық Білім беру басқармасы.

Хабарламаларға жазылу