«Rixos Hotels» түрік компаниясы Кендірлі курортында екі қонақүй (бес жұлдызды және төрт жұлдызды) салады. Бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан «Каспий аймағында туризмді дамыту» І халықаралық форумында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Rixos Hotels» төрт және бес жұлдызды деңгейдегі 600 бөлмелі екі қонақүй салуды көздеп отыр. Техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Компанияға «Самұрық-Қазына» АҚ көмектесуде», - деп хабарлады форумда сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов.
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев атап өткендей, Кендірлі курортының инженерлік инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.