Кешегі Кеңес заманында да үзілмеген жауынгерлік әдеби рухты Тәуелсіздік жылдары қазақтың тарихи жадында қайта жаңғыртқан бір адам болса, ол — ақын, әдебиеттанушы, сыншы Әмірхан Балқыбек екенін даусыз. Талантты адам қай салада да өрге шабатыны хақ.
Ақын турасында Темірхан Медетбек: «Әмірхан ақын ретінде де, сыншы, азамат ретінде де көбінен оқ бойы озық тұратын. Тоқсаныншы жылдары әдебиет есігін қаққан толқынның ішіндегі тегеуріндісі еді»,- дейді.
«Поэзия әлемі» хабарының бүгінгі саны ақын шығармашылығына арналмақ. Бүгін 12.55-те Ұлттық арнадан көріңіз.
Біздің анықтама:
Әмірхан Балқыбек - 1969 жылы 19 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Еңбек жолын Шардара аудандық «Өскен өңір» газетінде тілшілік қызметтен бастады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін 1995 жылы бітірді. 1995-2000 жылдары «Парасат» журналында және «Жас Алаш», «Ана тілі» газеттерінде тілші, 2000-2004 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің меңгерушісі, одан соң «Дала мен қала» газетінде әдеби редактор болып қызмет атқарды.
Ол 1997, 1998 жылдары ҚР Президенті стипендиясының иегері атанды. Өлең топтамалары «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады», «Жас ақындар поэзиясының антологиясы» іспетті ұжымдық жинақтарда жарияланды.
1996 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Метаморфоза», 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Сынған сәуленің шағылысуы» жыр жинақтары поэзиясүйер қалың жұртшылықтың сүйсініп оқыған, тұщынып оқыған шұрайлы дүниелері еді.