Мексиканың солтүстік-батысында «Норберт» дауылы нөсер жаңбырға ұласып, су тасқыны болды. Одан кем дегенде 800 үй су астында қалды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Aзаматтық қорғаныс қызметінің хабарлауынша, осыған байланысты қауіпті аймақтардан 2000-ға жуық адам көшірілді.
Дауылдан ең қатты зардап шеккен - Тынық мұхиты жағалауында орналасқан Сан-Карлос елді мекені.
Дәл қазіргі уақытта «Норберт» Мексиканың Кабо-Сан-Ласаро қаласынан 260 шақырым қашықтықта. Желдің жылдамдығы сағатына 165 шақырым, кей жерде 205 шақырымға дейін жетеді.