Павлодарда алғаш рет Ертіс күні аталып өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда алғаш рет Ертіс күні аталып өтуде

07.09.2014
Павлодарда алғаш рет Ертіс күні аталып өтуде

Бүгін Павлодардың төменгі жағасында қала тарихындағы тұңғыш мереке - Ертіс күні аталып өтуде. Аталмыш шара Жастар саясаты жөніндегі басқарманың қолдауымен өтеді.

Оны ұйымдастырушы - облыстың балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы  мен павлодарлық география үйі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Шара аясында Ертіс өзені туралы қысқаметражды деректі фильм түсіріледі. Оның көрсетілімі жергілікті телеарналардың бірінде ұсынылады. Автожолдар көпірінің жанында «Жасыл ел» жасағының жастары сенбілік ұйымдастырып, табиғат аясын қоқыстан тазартты. 

Бүгін өзен тақырыбында белгілі павлодарлық суретшілердің жиыны басталды. Ал түстен кейін қолөнершілердің   «Ертiс күнi - 2014» көрмесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, кешке қарай концерттік бағдарламада сенбілікке қатысушылар мен байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады деп күтілуде. Павлодарлық Илья Красильниковтің қолдан  жасаған қайығы жұртшылық назарына ұсынылады.

Фестиваль кезінде қала тұрғындары Ертіс өзенін қорғауға арналған қайырымдылық шараға қаражат аудара алады.

Хабарламаларға жазылу