Қыздар педагогикалық университетінде Отбасы күні аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыздар педагогикалық университетінде Отбасы күні аталып өтті

08.09.2014
Қыздар педагогикалық университетінде Отбасы күні аталып өтті

Адам баласына берілетін тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады.  Еліміз былтырдан бері Отбасы күнін ресми түрде тойлап келеді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісіне тиесілі осы айтулы мерекеге орай елде бірқатар  іс-шара өтуде. Соның бірі – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтті. Оқу орны түлектері  мен есімі елге танымал қоғам қайраткерлері бас қосты.

Профессорлар Әлім Бірмағанбет пен Қазына Аймағанбетқызы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 50 жылдан аса қызмет атқарған. Ерлі-зайыпты ұстаздар «студенттерге білім берумен қатар, өнегелі отбасы болудың құпиясын да үйретуге тырыстық», дейді.

«Әйел – шаңырақ шырақшысы» атты фотогалереяға оқу орнынан түлеп ұшқан 70 үлгілі отбасының фотосуреті қойылған. Қазақ елінің қоғамдық өміріне белсене араласып, әр салада еңбек етіп жүрген отбасылардың суреттері арнайы фотоальбомға топтастырылыпты.

Мәдени шарада қонақ болған ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова: «Ең алдымен, қыздарымызды ана болуға тәрбиелейтін осы оқу орны, деп санаймын. Сондықтан, барлық ұлағатты аналар осы жерден шығатынына сенемін»,-деді.

Мерекелік шара туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу