Қазақстанда отбасы институты құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда отбасы институты құрылады

09.09.2014
Қазақстанда отбасы институты құрылады

Қазақстанда болашақта Отбасы институты құрылады. Бұл туралы отбасы мәселесімен айналысатын мамандарды даярлау бойынша «Отбасы институты» халықаралық жобаның үйлестірушісі Ақбота Базарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық Азияда тұңғыш құрылатын жаңа институт қазан айында ашылмақ.

Ақбота Базарбаеваның айтуынша, мұнда отбасы мен отбасы құндылықтары туралы академиялық білім берілетін болады.

«Жас отау иелері өздерінің отбасылық өмірін осы жерден кеңес алып, жоспарлай алады. Бұл ашық жеке ұйым болмақ. Мұнда АХАТ, ажырасу мәселелері бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады», - деді ол.

Аталмыш оқу орнын ашу үшін С.Асфендияров атындағы медициналық университет пен Испаниядағы Наварра отбасылық институты арасында өзара серіктестік туралы  меморандумға қол қойылды.

Өткен жылы желтоқсанда Наваррадағы отбасылық институт Қазақстанға келіп, отбасы ісімен айналысатын мамандарды даярлау туралы халықаралық курсқа адам қабылдауды бастады. Содан бері 40 адам аталған курсты тәмамдап, бүгін профессор Хавьер Эскрива Иварстың қолынан «отбасы кеңесшісі» деген сертификат алды.

«Енді осы 40 адам өзінің алған білімдерін 1000 адамға жеткізетін болады. Қазанда осы 1000 тыңдарманға да халықаралық сертификат табысталатын болады», - деді А.Базарбаева. 

Хабарламаларға жазылу