Жазушы Адам Мекебаев өмірден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Адам Мекебаев өмірден озды

09.09.2014
Жазушы Адам Мекебаев өмірден озды

Жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Адам Мекебаев 74 жасында дүниеден өтті. 

Қаламгер республикалық әдеби-мәдени басылымдарда қызмет еткен, баспада редактор болған. Шығармаларының тақырыбының алуандығымен, тілінің шұрайлылығымен ерекшеленген Адам Мекебаев оқырмандарының сүйікті жазушыларының қатарында болды.

Қаламгер «Жадыра» (1970), «Жезтырнақ» (1973), «Айтылмай қалған аңыз» (1990) атты оннан астам прозалық кітаптардың, «Періште келіншек» (1982), «Жер кіндігіндегі апат» (1992), «Дауылды жер» (1988), «Қазына сыры» (1994) романдарының, «Жар жағалаған қыз» (2001) повестер жинағының, «Ой түбінде жатқан сөз», «Мың жарым жылдық қате» (2003) атты публицистикалық кітаптардың авторы.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Жазушыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, 10 қыркүйек күні сағат 10:30-да Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әдебиет порталына сілтеме жасап.

Хабарламаларға жазылу