«Екінші болғым келмейді...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Екінші болғым келмейді...»

11.09.2014
«Екінші болғым келмейді...»

Бүгінде алғашқы жарымен дәм-тұзы жараспай, екі жаққа кетіп жататын отбасылар өкінішке қарай көп. Бірі мінез-құлқымыз жараспады деп ақталса, енді біріне материалдық жағдай себепші болады. Ал, үшіншілері балалы бола алмаудың себебінен ажырасады.

Екінші рет шаңырақ көтеруге бел буғандардың ендігі өмірі қалай өрбімек? Екінші әйел болуға көбіне қыз-келіншектер келісе ме? Туған-туыстың жаңа келінге қарым-қатынасы қандай болмақ?

Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуында бұрын отбасылы болған азаматтың үйлену туралы ұсынысына жауап бере алмай жүрген кейіпкер қонақта болады. Ажырасқан адамдар жылдар өте қайта қосылады деген қағидасы бар сарапшының пікірін Ұлттық арнамен бірге тыңдайық!

Хабарламаларға жазылу